Шартарап

Жапаровтың бауырының атынан сөйлеген екі адам 1,2 млн доллар иемденуге талпынған

  • Жапаровтың бауырының атынан сөйлеген екі адам 1,2 млн доллар иемденуге талпынған

    Жапаровтың бауырының атынан сөйлеген екі адам 1,2 млн доллар иемденуге талпынған

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қырғыз президентінің туған бауыры Сабыр Момуновтың атын пайдаланып, заңсыз ақша табу мақсатында алаяқтық әрекетке барған екі азаматты ұстады деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, бұл екеуі М.Т.А. есімді азаматтан Қазақстанда ұсталған тауарларды шығарып беру үшін 1 млн 250 мың доллар сұраған.

Арнайы қызмет алаяқтық қылмысы бойынша іс қозғады. Олар 3 маусымда ақшаның бір бөлігін алуға барғанда қолға түсті. Күдіктінің біреуі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Комитет "жоғары лауазымды шенеуніктердің, сонымен бірге олардың туыстарының есімін пайдалану арқылы заңсыз ақша тапқысы келгендер қатаң жазаланатынын" ескертті.

Бұның алдында қырғыз президенті Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысының, оның туыстарының атын пайдаланушы алаяқтар көбейгенін хабарлаған. Қызмет осындай жолмен табысқа кенелуді көздегендер бірден ұсталатынын ескертті. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1013    Пікірлер: 0

сенбі, 05.06.2021, 00:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31