Шартарап

Жапония 26 шілдеден бастап вакцина паспортына сұраныс қабылдай бастайды

  • Жапония 26 шілдеден бастап вакцина паспортына сұраныс қабылдай бастайды

    Жапония 26 шілдеден бастап вакцина паспортына сұраныс қабылдай бастайды

26 шілдеден бастап Жапония шетелге шығу үшін COVID-19-қа қарсы толық екпе алған адамдарға вакцина паспортын беруді бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы жексенбіде үкіметтің жоғары лауазымды өкілі мәлім етті.

Үкімет сондай-ақ, бизнес-қоғамдастықтың сұрауына орай мұндай сертификаттарды ішкі экономикалық қызметке пайдалану керек пе деген мәселені де қарастырып жатыр, деп мәлімдеді NHK бағдарламасында министрлер кабинетінің бас хатшысы Катсунобу Като.

Катоның айтуынша, сертификаттар шілде айының соңына дейін қағаз түрінде беріледі. Ал сандық формат кейінірек қаралмақ.

Дереккөздердің айтуынша, ел үкіметі вакцина паспортын Италия, Франция және Грекияны қоса алғанда 10-нан астам мемлекет қабылдайды деген үмітте.

Премьер-министр Ёсихидэ Суги қараша айына дейін екпе алғысы келетін Жапониядағы барлық жарамды адамдарды вакцинациялауды аяқтауға ниетті екенін мәлім етті.




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 23:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30