Шартарап

Жапонияда министр ер адам декреттік демалысқа шықпақ

  • Коидзуми Синдзиро. Фото: diplomaticobserver.com

    Коидзуми Синдзиро. Фото: diplomaticobserver.com

Жапонияда қоршаған орта министрі Коидзуми Синдзиро тұңғыш баласының күтіміне байланысты декретті демалысқа шықпақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Синдзиро күн шығыс елінің бұрынғы премьер-министр Коидзуми Дзюнъитироның ұлы.

"Қоршаған орта министрлігінде қызметкерлер қымсынбай-ақ бала күтіміне байланысты демалыс алғанын қалаймын", - деп келтірген министрдің сөзін Киодо агенттігі.

Министр Коидзуми қаңтар айында баласы өмірге келген соң үш ай ішінде екі апталық демалыс алады. Шенеуніктің айтуынша, ол әйелінің аяғы ауыр екенін білген сәтте бірден декреттік демалысқа шығуды ойлаған. Оның мұндай шешім қабылдауына ер адамдардың бала күтіміне байланысты демалыс алуына жапон қоғамының көзқарасын өзгерту түрткі болған.

Жапон заңы бойынша бала күтіміне байланысты демалыс ер адамға да әйел адамға да беріледі. Алайда ер адамдар бұл мүмкіндіктерін қолдана бермейді.

Еске сала кетсек, биыл Қазақстанда босанған аналарға қанша жәрдемақы қарастырылғаны хабарланған.

Қазақстанда жұмыс істейтін немесе жұмыссыз қыз-келіншектерге балалы болуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірдей беріледі.

Мәселен бірінші, екінші және үшінші бала үшін аналарға 38 АЕК төленеді. Ал төртінші және одан кейінгі әр бала үшін 63 АЕК мөлшерінде жәрдемақы қарастырылған.

Айта кетейік, 2019 жылы 1 АЕК 2 525 теңгені құраса, 2020 жылы 2 651 теңгені құрайды. 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30