Шартарап

Жарық шашатын өсімдік көше шамын алмастырады

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Осы күнгі көше шамдары энергия үнемдейтін түріне алмастырылса да күндізгідей жарық шашады. Соның өзінде де электр шығыны шектен тыс. Осыны ескерген Массачусет технологиялық институтының биофизиктері люминисцентті өсімдікті қоғамдық орындарды пассивті жарықтандыруға қолдануды ұсынып отыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы techcult.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл арада «өсімдік нанобионика» деп аталатын ғылымдағы тың бағыт турасында сөз болып отыр – тірі тіндер түрлі бөлшектерге оларға жаңа қасиеттер дарыту үшін енгізіледі.

 

Өткен жылы мұндай тәжірибе жарылғыш заттарға реакциясы бар шпинат-сапердің, топырақтағы ылғалдылық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін тірі датчиктің және қараңғыда жарық шашатын кресс-салаттың пайда болуына әкелді.

 

Кресс-салат ғалымдардың ерекше назарын аударған еді...

 

Алғашқы нұсқасында жарық шашатын шыбыннан алынған люцифераз бен люциферин компоненттерін қосу арқылы жарыққа қол жеткізген еді. Жаңа нұсқасында оларды люминофорға, артынан  фосфоресценция процесінде энергия бөлуі үшін ультракүлгін сәуле жинайтын стронция алюминатқа ауыстырды.

 

Өсімдік тіндерін қорғау үшін нанобөлшектерді кремнеземнен әзірленген қабыққа орап, жапырақ ішіндегі мезофилла қабатына орналастырды. Люминофорлы өсімдіктен шашыраған жарық люциферазға қарағанда он есе жарық болды, ал мұндай шамды белсендіру үшін оған бар-жоғы он секунд ультракүлгін сәуле түсірсе жетіп жатыр.

 

Рас, аталған жүйе ары кетсе бірнеше минут қана жарық шашады, содан соң біртіндеп бірнеше сағатқа сөнеді.

 

Ең бастысы басқада – ғалымдар көз жеткізгендей, мұндай қоспа өсімдіктің табиғи тіршілігіне кедергі келтірмейді. Сол себепті, бұл бағытта тың тәжірибелерді батыл жүргізе беруге болады, мәселен, комбинацияланған жарық көзіне қол жеткізу үшін люминофор мен люциферазды біріктіруге болады.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31