Шартарап

Жас қыз босана салысымен перзентханада мектеп бітіру емтиханын тапсырды

  • Жас қыз босана салысымен перзентханада мектеп бітіру емтиханын тапсырды

    Жас қыз босана салысымен перзентханада мектеп бітіру емтиханын тапсырды

Эфиопияда 21 жастағы қыз тұңғышын босанғанынан жарты сағат өткен соң мектеп бітіру емтиханын тапсыруды ұйғарған.

Жас қыз босана салысымен перзентханада мектеп бітіру емтиханын тапсырды


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вigpicture басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Мэтту қаласында тұратын Алмаз Дересе босанардан бұрын мектептегі соңғы емтиханды тапсырмақ болған. Алайда үлгермей қалыпты. Себебі Рамазан айы басталғандықтан, жүкті әйел діни көзқарасына байланысты емтиханды кейінге қалдыруды ұйғарады.


Рамазан айы өткеннен кейін Алмаз емтихан тапсырып, аттестат алмақ болғанымен, аяқ астынан толғағы қысқан. Ол перзентханаға жеткізіліп, ұл баланы дүниеге әкеледі.


Осыдан кейін жас ана емтихан тапсыру мүмкіндігін жіберіп алғаны үшін мұңайып қалыпты. Себебі бір жылын бос өткізгісі келмеген. Сонымен қатар Алмаз емтиханға әбден дайындалған екен.



Осы кезде оның күйеуі өз көмегін ұсынып, әйелі босану палатасында жатқан кезде мектеп пен аурухананың бас дәрігерінің арасында жүгіруіне тура келген. Жас әке олардан әйеліне перзентханада емтихан тапсыруына рұқсат беруін сұрапты. Осылайша, мектеп басшылығы мен бас дәрігер келісіп, Алмаз босанғанынан 30 минут өткеннен кейін емтихан тапсырды.


Эфиопияда әйелдер арасында білім культі жоқ. Сондықтан көбі жоғары сыныптарда тұрмысқа шығу үшін, мектепті тастап кетеді.




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 22:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30