Шартарап

Жігіт үйлену тойынан кейін қалыңдығын жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды

  • © pravmir.ru

    © pravmir.ru

Өзбекстанда ер адам үйлену тойынан кейін 10 күн өткен соң әйелін көк ала қойдай етіп сабап, ауруханадан бір-ақ шығарды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.


Оқиға 28 мамыр күні Самарқан облысының Булунгур қаласында болған.


Зухра Омарованың айтуынша, күйеуі балмұздақ аламын деп дүкенге шығып кеткен, алайда үйге мас болып келіп, жанжал шығарыпты. Содан кейін үйінің есігін жауып, әйелін есінен танғанша ұрып-соққан.


Жан ұшыра айғайлаған келіншектің даусын естіген көршісі көмекке жүгіріп келген. Зухраның басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Ер адам бірден оны жансақтау бөліміне жеткізді.


Омарова құқық қорғау органдары медициналық сараптама "тым қымбат" деген желеумен оны өткізбеуге кеңес бергенін айтып шағымданды.


Алайда Самарқан облысының әйелдер комитеті іске араласып, сараптама өткізуге көндірген. Ішкі істер органдары Омарованың арызы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр екен. Комитеттің мәліметінше, қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, жақын арада кінәлі ер адам қамауға алынады.


Бұған дейін әйелдер комитеті облыстық денсаулық сақтау басқармасына ішімдікке тәуелді азаматтардың тізімін берген. Олардың арасында Зухра Омарованың күйеуі де бар екен.


Sputnik


 




Көрілген: 2904    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 15:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30