Шартарап

Жүкті әйел пышақпен өз ішін тіліп, сәбиін аман алып шықты

  • Жүкті әйел пышақпен өз ішін тіліп, сәбиін аман алып шықты

    Жүкті әйел пышақпен өз ішін тіліп, сәбиін аман алып шықты

  Мексиканың Оахака штатындағы кішігірім ауылда тұратын 40 жастағы Инес Рамирес өзіне асүй пышағымен кесір тілігін жасап, босанды. Белгілі болғандай, оның жеті баласы бар. Тағы екеуі туғаннан кейін шетінеп кеткен екен. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.


Инес пен күйеуі тұратын ауылда аурухана да, қарапайым дәрігер де жоқ. Сондықтан осыған дейін әйелін күйеуінің өзі босандырып келіпті. Алайда, әйел оныншы перзентін босанатын кезде күйеуі шаруаларымен өзге жаққа кеткен.


Рамирес толғағы жиілеп, босануы қиындағанын байқағанда әлдененің дұрыс еместігін түсінген. Осы себепті ол өзіне кесір тілігін жасауды ұйғарады. Десе де ол мұндай отаның қалай жасалатынын білмеген және қолында хирургиялық құралдар болмаған. Осыған қарамастан, Инес ауруды басу үшін 3 стақан ликер ішіп, артынша асүй пышағымен ішін тіліпті. Бұл тек үшінші талпыныстан мүмкін болған. Артынша ол құрсағынан баланы алып шығып, кіндігін кеседі. Мұнан кейін жас босанған әйел есінен танып қалған.


Осы кезде әйелдің 6 жасар ұлы ауылдағы мал дәрігерін көмекке шақырып, ертіп келген екен. Ер адам әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ішін кәдімгі жіппен тігіп беріпті. Мұнан кейін әйелді ауылдан 80 шақырым жердегі ауруханаға алып баруға тура келген.


Ал ауруханадағы дәрігерлер Инестің қалай босанғанын біліп, сене алмаған. Оған қоса, әйелдің өзіне жасаған отасынан кейін ауруханаға жеткенге дейін 16 сағат өткен. Жас босанған әйел мен оның сәбиі Орландоның тірі қалуы таңғажайып жағдай дейді.


Дәрігерлер әйелді тексеріп, оның өзіне кесір тілігін жасаған кезде ішегін зақымдағанын анықтапты. Ақ халаттылар әйелге тиісті ем-дом жасап, арада 10 күн өткеннен кейін Инес пен сәбиі үйіне жіберілді.

Инес БАҚ-қа берген сұхбатында мұндай қадамға амалсыздықтан барғанын айтқан.


«Мұндай ауруға шыдай алмадым. Сондықтан егер сәбиім шетінеп кететін болса, екеуіміз бірге өлейік деп ойладым. Ал егер маңдайына тірі қалу жазылса, оның ер жеткенінкөріп, жанында болғым келеді. Құдай екеуіміздің де жанымызды аман алып қалды деп білемін», - дейді Инес Рамирес.


 Stan.kz




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 14:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30