Камчатка аспанында метеорит жарылды (видео)
Ресейдің Камчатка түбегінде көкте жарылған метеорит көпшіліктің назарына ілікті деп жазады РИА Новости.
 
Ғалымдар метеориттің Жер атмосферасында Камчатканың көгінде жарылуын тіркеген.
 
Бұл туралы Ресей Ғылым Академиясының "Біріккен Геофизикалық Қызметі" федералдық зерттеу орталығының Камчатка филиалының директоры Данила Чебров хабарлады.
 
Ол мамандар куәгерлер түсіріп алған видео қолдарына тиген соң метеориттің атмосфераға енгенін көрсететін дабылды іздей бастағанын атап өтті.
 
Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарай бастаған.
 
Видеода метеориттің құлауы және оның атмосферада жарылған сәті анық байқалады.
 
"Сарапшылар Начики ауылында орналасқан инфрадыбыстық станцияның мәліметтері бойынша Камчатканың батыс жағалауына жақын маңдағы метеориттің сигналын 11 қаңтарда Камчатка уақытымен сағат 8.09-да анықтады. Жойылу алдында атмосфераның тығыз қабаттарында оның қозғалысы 55 секундқа созылды", - деді Чебров.
 
Оның айтуынша, сигналдың алдын ала бағалауы бойынша объектінің диаметрі 10 метрге сәл жетпеген, ал жарылыс энергиясы тротил эквивалентінде 1-5 килотонна аралығында болған деп болжауға болады.
 
Чебровтың сөзіне сенсек, куәгерлер дәл осы метеориттің атмосфераға ену сәтін видеоға түсіріп үлгерген.