Шартарап

Қарны ашқан әйел сүйіктісінің тоңазытқышынан адамның бөлшектелген денесін тауып алған

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде ер адаммен танысып, кездескен. Онымен ілесіп үйіне барған бойжеткен жігіттің тоңазытқышынан бөлінген мәйіт тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі IOL басылымына сілтеме жасап.

 

Әйел Facebook желісінде танысқан ер адаммен кездесуге барған. Алғашқы жолығудан кейін-ақ ару жаңа танысының жалдамалы пәтеріне барып, түнімен бірге болады.

 

Көп ұзамай әйел қарны ашып, ол туралы ер адамға айтады. Жігіт құрбысына тамақ әкеліп бермек болып, үйден шығып кетеді. Ару шыдамай жігіттің тоңазытқышын ақтарады. Оның ішінен бөлшектелген адамның қол-аяғын тауып алған. Мұндай жағдайды күтпеген ол шыңғырып жібереді. Сөйтіп көршілердің назарын аударады. Қыздың айқайын естіген отставкадағы полиция қызметкері дереу жүгіріп келіп, бұрынғы әріптестеріне болған оқиға туралы хабарлайды.

 

Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері пәтер жалдаған азаматты дереу қамауға алады. Ұсталғаннан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда оған уақытында қажетті медициналық көмек көрсетілді.

 

Тоңазытқышта сақталған қалдықтар әйел адамның дене мүшесі деп болжануда. Полиция табылған мәйіттің денесінің басқа бөліктерін, атап айтқанда, басын іздеуде.

 

Жергілікті билік өкілі Фелелани Синдани күдіктінің қыздарды үнемі ауыстырып отыратынын және бұл факт пәтер иесінің алаңдтақанын айтты.  Сонымен қатар ер адам әлеуметтік желіде 15 жастағы қыздың басын айналдырып, азғыруға тырысқан.

 

"Әлеуметтік желіде танысқан адамның үйіне баруға болмайды. 15 жасар қыз бізге осы жігітпен қалай хат алмасқанын көрсетті. Оның жасаған әрекеті мүлде дұрыс емес", — деп атап өтті Синдани.

 

Ол күдіктінің пәтерді жалдау ақысын уақытында төлегенін және бұрын сақтандыру компаниясында жұмыс істегенін атап өтті. Ұсталған азамат соңғы кездері пәтер иесіне электр қуатымен байланысты мәселелерді шешіп беруін айтып, шағымданған. 

 

Ер адам электр қуаты ажыратылғандықтан тоңазытқыштағы тамақтың бұзылатынын айтқан. Полиция ер адамның тоңазытқышта сақталған адам денесінің бөліктері жағымсыз иіс шығарады деп қорыққандықтан осындай қадамға барған деп ойлайды.

 

Полиция өкілі Бренда Мурыжили күдіктінің жақында сот алдында жауап беретінін жеткізді.

 

 

 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 19:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31