Шартарап

Қазақ қызы АҚШ президенті әкімшілігінде басшылық қызмет атқарып жүр

  • https://sputnik.kz/

    https://sputnik.kz/

Әсел Төленова есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Дипломатиялық ортада жүрген адамдар бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне растады.

 

Әлеуметтік желілерде оның экс-президент Барак Обамамен және жаңадан сайланған президент Джо Байденмен түскен фотосуреттері жарияланды. 

 

 

"Ағайындар" жинағына Әсел Төленованың өмірбаяны енгізілген. Оған сәйкес, Әсел 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы АҚШ-тың Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, халықаралық дипломатия мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

1998 жылдан бастап АҚШ мемлекеттік департаменті протокол басқарушысының сыртқы қатынастар жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылы АҚШ президенті протоколы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

 

Қазіргі кезде Әселдің тегі өзгерген. Соған қарағанда, АҚШ-та тұрмысқа шыққан болуы мүмкін. 

 

Осыдан үш жыл бұрын Ақ үйдің ресми сайтында Әсел туралы ақпарат жарияланды. Онда 2017 жылы қазақ қызы Мемлекеттік департаментте протокол қызметін басқарғаны айтылады. Әсел Робертс Ақ үйдегі тағылымдамалар бағдарламасы аясында сөз сөйлеп, өзінің өмірлік тәжірибесі туралы баяндаған. Америкада жетістікке қалай жеткенін де айтып беріпті. 

 

"Әсел Робертс ханым президенттердің брифингтерін қалай ұйымдастырғанын еске алды. Ол Америкада өз арманыңа жетуге барлық мүмкіндік жасалғанын ерекше атап өтті", - делінген сайтта жарияланған хабарламада.

 

 

 




Көрілген: 2840    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 16:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31