Шартарап

Қазандағы мектепке шабуыл жасаған жігіт ұсталғаннан кейін бірден өзіне қол жұмсамақ болған

  • Қазандағы мектепке шабуыл жасаған жігіт ұсталғаннан кейін бірден өзіне қол жұмсамақ болған

    Қазандағы мектепке шабуыл жасаған жігіт ұсталғаннан кейін бірден өзіне қол жұмсамақ болған

Қазан қаласындағы мектепке шабуыл жасаған 19 жастағы Ильназ Галявиев ұсталғаннан кейін бірден өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан. Бұл туралы ол жауап алу кезінде айтты.

Айыпталушы полицияға тапсырылғаннан кейін қызметтік көлікте өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған. Бірақ оған құқық қорғау органдарының қызметкері кедергі болған. Содан кейін оны полиция бөліміне алып кеткет.

Жауап алу кезінде ол мектепте 20 адамды өлтірмек болғанын мәлімдеді.

"Мен гимназияға біреуді қорқытып, жарақаттап немесе тірі қалдыру үшін емес өлтіруге келдім",-дейді айыпталушы.

Галявиев полицияға құрбандарын миынан атып түсірмек болғанын айтты. Алайда оның көзі дұрыс көрмегендіктен, оқ діттеген жеріне тимепті.
Ильназ атысты 8 "А" сыныбында ұйымдастырып, дәлізге шығып, мылтықты қайта оқтап, бастаған ісін аяқтау үшін қайтып оралғанын айтты.

"Мен жасаған ісіме өкінбеймін, кінәмді толық мойындаймын. Адамдарды өлтіру арқылы мен дұрыс әрекет жасадым деп санаймын. Осылайша мен бәріне шынымен Құдай екенімді көрсеттім", — делінген айыпталушының куәлігінде.

Сонымен қатар ол 11 мамыр күні мектепке таңертең екі рет келгенін айтты. Бірінші рет оны күзетші қуып жіберген, ол үйіне барып, қару алып, гимназияға қайтып оралған.

Еске салайық, төтенше жағдай 11 мамыр күні таңертең қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 17:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30