Шартарап

Кесте тігуден 28 патент алған келіншек - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ

  • © «Ағажай Алтай» порталы

    © «Ағажай Алтай» порталы

Қытайдың Қаба ауданында он саусағынан өнер тамған кестеші қызـкеліншек көп, бірақ, кестеден 28 патент куәлігін алған тек Бақытгүл Ығисақызы ғана. Жайылма ауылы Ақтөбе қыстағындағы өзге кестеші әйелдері Бақытгүлдің талантын да мойындайды, деп жазады «Ағажай Алтай» порталы.

Оның екі түрлі себебі бар. Бірінші, Бақытгүлдің кестешілік өнерінде ісмерлігімен бірге кестесі шебер жобаланған. Енді бірі, жобалаған кестесінің білім меншік құқығын заңдық қорғау танымы күшті, деп жазады altxw.com.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Бақытгүл өзгеше жобалаған кестелеріне патент құқығын алғандықтан оның кестелерінің «көшірме» нұсқасы базардан кезікпейді. Қысқасы, оның әрбір тіккен кестесінің жобасы бір өзіне ғана тиесілі. Сол себепті, көптеген адамдар Бақытгүлді арнайы іздеп келіп тапсырыс беріп, қажетті бұйымын тіккізеді.

Әсіресе, ұзатылатын қыздар оның кестелі бұйымдарымен отауын безендіруді әдетке айналдырған. Өйткені, олар Бақытгүлдің кестеленген бұйымдары ешкімге ұқсамайтын үлгімен тігілетінін біледі. Бақытгүл «өзім жобалаған кестенің үлгісі неге өзіммен еш қатысы болмауы керек?» деп ойлап, Алтай аймақтық ғылым-техника мекемесіне барып, кәсіби қызметкерлерден кеңес алып, өзінің кесте жобасы үшін патентке өтініш етуі керек екендігін біледі. Сөйтіп, ол өзі жобалаған кесте өрнектеріне 2013 жылы тұңғыш рет патенттік куәлік алды. Содан бері Бақытгүл кесте жобаларын 28 рет патенттеген.

Ол кестелі бұйым жөніндегі түсінігін, сондай-ақ патент құқығын алудың маңыздылығын кестеші құрбыларына үнемі айтады. Қазірге дейін Бақытгүл 1000-нан астам кестеші тәрбиелеген.

«Мен қазақтың кестешілік өнерін жалғастырушының бірімін. Қолмен кесте тігу оңай емес. Мысалы, 1,8 метр ұзындықтағы төсек жапқышты тігуге жарты айдан астам уақыт кетеді, машақатты болғанымен тіккен бұйымы кестешінің ісімерлігін әйгілейді. Патентке өтініш ету өзің жобалаған бұйымды қорғау, онан да маңыздысы дәстүрлі қолөнерге көрсеткен ізет-құрметің», дейді Бақытгүл Ығисақызы. Сондықтанда жылына бірнеше кесте үгісін патенттету оның өмір дағдысына айналған. «Қазір Қаба ауданында кесте тігетін 10 мыңнан астам әйел бар. Кесте өнімдерінен түскиіз, сандық қап, киімـкешек, әшекей бұйымдары қатарлы 50-неше түрі бар. Сонымен бірге, Қаба ауданы кестешілік кооперативін құру, курс ашу қатарлы тәсілдер арқылы ұлттық өнерден маркалық бренд жасап, кестешілік кәсібін дамытуда», деп түйіндейді «Ағажай-Алтай» порталы.

ҚазАқпарат




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сенбі, 18.01.2020, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30