Шартарап

Қоқысты сұрыптамай лақтырғандар жазаға тартылады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бейжің тұрғындарының 90 проценті қоқысты сұрыптайды. Оны жергілікті билік хабарлады.

 

Былтыр Қытай астанасында қалдықтарды бөліктеп жинаудың жаңа ережелері пайда болды. Оларды бұзғандар 200 юаньға дейін айыппұл төлейді, ол шамамен он үш мың теңге.

 

Кәсіпорындар үш миллион теңгеден астам жазаға тартылады.

 

Бұл талап ірі қалаларда басталды.

 

Ал 2025 жылға дейін басқа елдімекендерге де таратады. Қоқысты сұрыптау науқаны бірнеше жыл жүзеге асырылады.

 

Қала тұрғындары қоқысты төртке бөлуі керек: тағам, өңделетін, қауіпті және басқа қалдықтар.

 

Алғашқы нәтижелер таңғалдырады: күнде төрт мың тоннадан астам тағам қоқыстары жиналады. Бұрынғымен салыстырғанда, он үш есе өскен.

 

БЛИЦ:

 

– Мен қалдықтарды бөліп жинауды қолдаймын. Бұл қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Дегенмен, кейбір қиындықтар әлі де пайда болады. Мысалы, адамдар кейде дұрыс сұрыптамайды. Мен үшін ол өте маңызды, қоқысты сұрыптау әдетке айналғанын қолдаймын.

 

 – Қоқысты сұрыптау өте маңызды. Бұл әр адамның жауапкершілігі. Мысалы, бар қоқысты бір пакетке салсақ, оны кейін бөліп жинау қиын болады.

 

Қоқысты сұрыптау ісін 120 мыңға жуық адам бақылайды. Қаланың ішінде 13 мың тұрғын үй кешені назарға алынады. Тұрғындарға ыңғайлы болсын деп арнайы қосымшалар да шығарылды. Оған қарап, кез келген қалдық қай жәшікке салынатынын білуге болады. Тіпті қоқысты сканерлеп, жасанды сананың кеңесін де алады. Оның бәрі ережелерді бұзбауға бағытталған. Әйтпесе, 200 юаньға дейін айыппұл төлеу керек.

 

 

-Алдымен, адамдар қоқыс сұрыптауды үйренеді. Оны арнайы қызметкерлер іске асырады. Сонымен қатар, әр тұрғын үйдің ауласында ұран жазылған плакаттар орнатылған. Ал қоқысты тастау үшін жәшіктерге жақындағанда автоматты түрде дауыс қосылады. Ол қоқысты дұрыс сұрыптауды есіңізге салады.

 

Тағам қалдықтарының бір бөлігі тұрғын үйлер ауласында өңделіп, тыңайтқышқа айналады. Қалғандардын арнайы машиналар әкетеді.

 

Қоқыс түрін жеке көлік келіп шығарады. Өңдеу орталықтарына келгеннен кейін, қайтадан сұрыпталады. Содан кейін қайта өңдеуге жіберіледі.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1187    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30