Шартарап

Көлігімен екі қызды қағып кеткен мас әйел, қайта келіп тағы басқан (видео)

  • CC0 / leversandpulleys

    CC0 / leversandpulleys

Ресейде шетел көлігін мінген мас әйел екі қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін қайтып оралып, зардап шегушілердің бірін басып кеткен, деп хабарлады РИА Новости.


РФ ІІМ алдына ала мәліметінше, 6 сәуір күні түнде Свердлов облысының Белоярский елді мекенінде 34 жастағы мас әйел Nissan Juke көлігімен жол шетінде келе жатқан 17 жастағы екі қызды қағып кеткен. Әйел кетіп қалған, алайда сәлден кейін қайтып келіп, қыздардың бірін басып өтіп, ізін суытқан. Құқық қорғаушылар оның кім екенін, көлігінің маркасы мен нөмірін анықтады.



Дәрігерлер қыздардың екеуі де жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын хабарлады. Сондай-ақ бірінің жамбас сүйегі сынып, екіншісінің жұлыны қысылып қалған.


Жүргізушіге мас күйінде көлік жүргізгені және апат орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеушілер РФ Қылмыстық кодексінің "Жол және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Sputnik


 




Көрілген: 1010    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31