Шартарап

Коронавирус: Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қандай

  • Коронавирус: Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қандай

    Коронавирус: Әлемдегі эпидемиологиялық ахуал қандай

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баварияда вакцина алмаған адамдарға локдаун енгізеді.

Сонымен қатар, Рождество мейрамы қарсаңындағы жәрмеңкелер, клубтар мен ішімдік орындары барлық федералды жерлер аумағында жұмысын тоқтатады, кафелер мен мейрамханалар сағат 22:00-де жабылады.

Мәдени іс-шаралар қатаң жағдайда өткізіледі.

Сингапур билігі вакцина алмаған азаматтарға шектеулерді күшейтіп жатыр.

Атап айтқанда, коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтпеген адамдар әлеуметтік белсенділігін төмендетіп, мүмкіндігінше үйде болып, қонаққа бармауы керек.

Қоғамдық тамақтану орындарында 22 қарашадан бастап бір үстел басында екпе жасаған бес адамнан артық отыра алмайды.

Мексикада 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге COVID-19-ға қарсы вакцинация 19 қарашадан басталды.

Мемлекетте екпе алғысы келетін барлық тілек білдірушілерге алдын ала тіркелу үшін портал жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Мексикада созылмалы аурумен ауыратын немесе мүгедектігі бар 12 жастан 17 жасқа дейінгі жас өспірімдерге вакцинация жұмысы жүріп жатыр.




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31