Шартарап

"Коронавирус жұқтырдым" деп алдаған бойжеткен зорлаушыдан аман қалды

  • "Коронавирус жұқтырдым" деп алдаған бойжеткен зорлаушыдан аман қалды

Қытай азаматшасы "коронавирус жұқтырдым" деп алдап, үйіне басып кірген зорлаушыдан аман қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik/ Александр Кряжев

Фото: Sputnik/ Александр Кряжев

Оқиға Уханьнан үш сағаттық жерде орналасқан Цзиншань қаласында болған. 25 жастағы арудың үйіне белгісіз біреу басып кіріп, мойнынан қылқындырған.

Бойжеткен қаскөйді алдап соғып, райынан қайтаруға шешім қабылдаған. Ол жақында ғана Уханьнан келгенін, сол жақта қатерлі вирусты жұқтырғанын мәлімдеген. Өз-өзіне карантин жариялап, сол себепті үйде жалғыз қалғанын алға тартыпты.

Осылайша, бойжеткеннің тапқырлығы оң нәтиже берді. Ал қаскөй жәбірленушінің ұялы телефонын және 300 фунт стерлинг ақшасын алып, ізін жасырған.

Жергілікті полицияның мәліметінше, жас жігіт әкесімен бірге құқық қорғау мекемесіне келіп, қылмыс жасағанын мойындапты. Ол қыздың үйіне басып кіріп, оны тонап кеткенін, басқа да заңбұзушылықтар жасауға ниеттенгенін жеткізген.

Оның сөзінше, қылмысқа баруына отбасымен жанжалдасып қалуы себеп болыпты. Ол түнде ақшасыз қалып, оны қарашылық жолмен табуды шешіпті.

Шабуыл кезінде ер азамат бетпердеде болған. Дегенмен жәбірленуші қыз оны даусынан және дене бітімінен таныпты.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, жаңа коронавирустан көз жұмғандар 492 адамға жеткен.

 

 




Көрілген: 680    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 20:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30