Шартарап

Коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханадан өрт шықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ресей астанасы Мәскеуде коронавирус індетін жұқтырған адамдарды емдеуге арналған ауруханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.


«Өрт Мәскеудегі С. И. Спасокукоцкий атындағы қалалық клиникалық ауруханадан шықты", делінген РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу қалалық өкілдігінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

 

«Сағат 20:30-да Вучечич көшесінде 21-ші үйде емдеу мекемесінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетті»,-делінген хабарламада.

 

ТАСС агенттігінің дереккөзінің хабарлауынша, өрт ғимараттың бірінші қабатынан шыққан. Онда адамдардың жеке заттары жанып, ғимаратты түтін басып кеткен. Ғимараттан 300 адам эвакуацияланып, 5 адам құтқарылған.

 

Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары Анастасия Ракованың айтуынша, ауруханадағы 295 пациент 30 минут ішінде түгелдей эвакуацияланды.

 

«Өртке қарсы дабыл белгісі бірден іске қосылды. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жетті. Өрт сөндірілді. Бір пациент мерт болды. Зардап шеккендер жоқ. Пациенттердің барлығы ғимараттың басқа бөлігіне ауыстырылды, кейбірі өзге ауруханаларға жіберілді»,-деді.

 

 

 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30