Шартарап

Коронавирус: мәйіттерді далада өртеп жатыр

  • © AFP 2021 / SANJAY KANOJIA

    © AFP 2021 / SANJAY KANOJIA

Үндістанда бір тәулікте 300 мыңнан астам адамнан коронавирус табылып, әлемдік антирекорд тіркелді. Бір күнде 2 мыңнан аса адам көз жұмды. Жергілікті крематорийлер марқұмдардың денесін өртеп үлгермей жатыр, деп хабарлады Хабар 24. 

 

"Крематорийде орын жоқ. Сондықтан біз марқұмдардың денесін мына жерде өртеуге мәжбүрміз. Мұнда бұрын көлік қоятын орын болған. Биліктен рұқсат алдық. Алайда марқұмдар саны артып барады. Отын тез таусылып жатыр ", - дейді медицина орталығының басшысы Джитендер Сингх Шанти

 

Ол жағдай осылай жалғаса беретін болса, 4-5 күннен кейін денелерді жолдың бойында өртеуге тура келетінін, басқа амал жоқ екенін атап өтті.

 

"Менің анам ауруханада 5 күн жатты. Оттегі таусылып, көз жұмды. Анашымның тыныс алуы қиындап, әбден қиналып өлді. Онымен бір палатада жатқан басқа науқастарда осылай көз жұмды", - дейді жергілікті тұрғын.

 

Ал волонтер Джитендер Сингх 5, 15 жастағы балалардың, 25 жастағы жас жұбайлардың мәйіті өртелгенін өз көзімен көргенін айтты. 

 

Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі құлдырау алдында тұр. Ел астанасы Нью-Делидегі 6 ауруханада жасанды тыныс алдыру аппараттарына арналған оттегі таусылған. Басқа емханаларда да жағдай мәз емес.

 

"Бізге 110 науқас түсті. Көбі оттегіне тәуелді. Кеше баллонндарды алдық. Алайда жеткізілген оттегі қажетті мөлшерден екі есе аз болып шықты", - дейді дәрігер Сингх Кочхар.

 

Коронавирустан ең қатты зардап шеккен штаттардың бірі Махараштраға оттегі баллондары тиелген пойыз жөнелтілді. Ковид-науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек те тапшы. Салдарынан жұрт препараттарды қара нарықтан іздеуге мәжбүр. Ал базарда баға 5 есе қымбат көрінеді.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1414    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 14:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30