Шартарап

Коронавируспен күрес. Әлемдік ахуал

  • Коронавируспен күрес. Әлемдік ахуал

    Коронавируспен күрес. Әлемдік ахуал

Ливияда халықты коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу науқаны басталды. Атап айтқанда, Триполиде алғашқы вакцинаны елдің уақытша премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба мен денсаулық сақтау министрі Али аз-Зинати алды. 

Уақытша премьер екпе егу компаниясын өз кабинетінің басты мақсаттарының бірі деп жариялап, алдыңғы үкіметті вакцинацияның кеш басталғанына айыптады.

Италияда індеттің таралу қарқыны төмендеуде. Өткен тәулікте елде 17 567 жаңа жұқтыру жағдайы анықталғанын (бір күн бұрын - 18 938) елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қарқынды терапия палаталарындағы пациенттердің саны 3603-тен 3588-ге дейін азайған.

Германияда эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақтар үшін коменданттық сағат енгізілуі мүмкін. Мұндай шара жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес туралы жаңа заң жобасының аясында көзделген. Кешкі сағат 21.00 -ден таңғы сағат 05.00-ге дейін үйден кетуге тыйым соңғы жеті күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда індетті жұқтыру деңгейі 100 жағдайдан асатын барлық округтерде енгізілмек.

Иранның 23 провинциясында эпидемияның тағы бір толқыны аясында 10 күндік локдаун енгізілді. Фирмалар, мектептер, театрлар, спорт мекемелері жабық, адамдардың топталып жиналуына тыйым салынған. Ислам Республикасының Президенті Хасан Роухани аурудың өршуін Иранға "Британдық" штаммның енуімен, сондай-ақ Наурыз мерекесі кезінде ел ішіндегі жүріс-тұрыстың көбейуі және адамдардың мерекелік шараларды ұйымдастырумен байланыстырып отыр.

BAQ.KZ




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 02:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31