Шартарап

Коронавирустан бөлек, супербактериямен байланысты қауіпті індет бас көтеріп келеді

  • https://tvzvezda.ru/

    https://tvzvezda.ru/

Америкалық ғалымдар супербакетрияның таралуына байланысты ғаламдық қауіп туралы ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Осы орайда жыл сайын күллі әлем бойынша дәрі-дәрмекке бой бермейтін, яғни, антибиотикке аса төзімді бактерия түрлерінен 700 мың адамның бақилық болып жататынын айта кеткіміз келеді.

 

Мамандардың топшылауынша, 2050 жылға қарай зиянды микроорганизмдерді жұқтыратындар қарасы он млн адамға жетуі мүмкін.

 

Ғалымдар антибиотиктерді шектен тыс тұтыну, әсіресе, мал шаруашылығында жиі пайдалану өз кезегінде көптеген бактериялық инфекциялардың, соның ішінде, туберкулез, сальмонелла, т.б. штаммдары емдеуге келмейтін індетке айналуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

 

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің медицина профессоры Стеффани Стратдидің айтуынша, антибиотикті шектен тыс тұтынудың салдарынан адамзат агрессиялық сипаты басым патогендік организмдермен бетпе-бет келетін мезгіл жақын.

 

Осылай деген ол аяқ астынан пайда болған COVID-19 вирусына қарағанда супербактерия дағдарысы бұрыннан бар, алайда, аталмыш дағдарыс жылдан жылға өршіп келе жатқанын тілге тиек етті.

 

Америкалық профессордың айтуынша, супербактериямен байланысты жұқпалы індет пандемияға ұласады.




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 14:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30