Шартарап

Көшелерге күйеуі мен туыстарының есімін берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды

  • Көшелерге күйеуі мен туыстарының есімін берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды

    Көшелерге күйеуі мен туыстарының есімін берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды деп хабарлайды РИА Новости

Мысырдың солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше көше атауын күйеуі мен оның туыстарының құрметіне қойғаны үшін жұмыстан шығарған.

"Тұрғындардан көптеген шағым түскеннен кейін Кафр-Шукрды қаланы абаттандыру департаментінің басшысы қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Шағым жаңа қала жоспарында бірнеше көше атауы оның күйеуі мен туыстарының құрметіне өзгертілгенімен байланысты. Іс тексеріс жүргізу үшін әкімшілік прокуратурға берілді. Аталмыш факті расталған жағдайда оған заңға сай шара қабылданады", - дейді губернатор Абдулхамид Хадджан.

Абдулхамидтің айтуынша, шенеуніктің әрекеті заңды өрескел бұзу болып табылады, себебі көшелерге атау беру туралы шешімді жергілікті халық кеңесі немесе арнайы комитет қабылдайды. 

Соңғы кездері Мысырда көшелер тек лаңкестермен күресте қаза тапқан қоғам қайраткерлерінің, әскерилер мен полиция қызметкерлерінің құрметіне аталып келген.

Көшелерге күйеуінің, оның ағалары мен қайын атасының есімдерін берген шенеуніктің өзі болса, барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Ол қала тұрғындарының бірі шағымдану арқылы одан кек алып жатқанын және осылайша жұртқа танымал болуды көздеп отырғанын алға тартты.

kaz.nur.kz




Көрілген: 857    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.02.2021, 11:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30