Шартарап

Күйеу жігіттің кешіккеніне ашуланған қалыңдық өзге жігітке тұрмысқа шығып кетті

  • http://islam.kz/

    http://islam.kz/

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында қызықты жағдай орын алды. Биджнор қаласында некелесу рәсіміне кешіккен күйеу жігіттің қалыңдығы басқа біреуге тұрмысқа шығып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиғадан алты апта бұрын аталған жұп Нангалят ауылында бейресми үйлену тойларын атап өткен. Алайда, қалыңдық ресми некелесу рәсімін өткізбей тұрып күйеу жігіттің үйіне көшіп барудан бас тартқан.

Бұдан бөлек, екі жастың отбасылары той алдында бір-бірімен араздасып қалған екен. Күйеу жігіттің туыстары болашақ келіндерінің отбасынан қыздың жасауын, соның ішінде велосипед пен ақша беруді талап еткен. Алайда, құдалар жағы олардың талаптарын орындауға асықпаған көрінеді.

Нәтижесінде, қыздың туыстары күйеу жігіт жақтан келген қонақтарды соққыға жығып, салтанатты рәсім өтетін жердегі бір бөлмеге қамап қойған. Екі тарап та полицияға шағым түсірген, алайда, кейіннен татуласып, мәмілеге келіпті.

Құдалардың онсыз да шиеленіскен қарым-қатынасы некелесу рәсімінде одан бетер ушықты.

Күйеу жігіт салтанатты шараға белгіленген уақытында келмей, қалыңдықтың шамына тиген екен. Ақыры, ашынған ару некелесу рәсімін бұзып, басқа бір жігітке тұрмысқа шыққан. 




Көрілген: 1764    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31