Шартарап

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбековті жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбековтің атына елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті, - деп хабарлайды Kaktus.media.

 

Республиканың Бас прокуратурасының мәліметінше, 13 шілдеде Раушан Айтқұлова есімді азаматшадан Жээнбеков пен басқа да жоғары шенді шенеуніктерді елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты арыз түскен.

 

"Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелді", - делінген ведомство хабарламасында.

 

Бұған дейін Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде ел президентін жауапкершілікке тарту керегін айтып, импичментке қол жинай бастаған. Оның айтуынша, петицияға 2,5 азамат қол қойған. Президент әкімшілігі әзірге Айтқұлованың арызына пікір білдірмеді.

 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 11,5 мың адам анықталған. Оның ішінде 4995 адам аурудан аығып, жалпы 149 адам қайтыс болған.  

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30