Шартарап

Қырғызстанда алып қашқан қызды құтқара алмағаны үшін 44 полицей жазаланды

  • Қырғызстанда алып қашқан қызды құтқара алмағаны үшін 44 полицей жазаланды

    Қырғызстанда алып қашқан қызды құтқара алмағаны үшін 44 полицей жазаланды

Өлімге әкелген "қыз алып қашу" оқиғасынан кейін Бішкек полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, ондаған өзге офицер жазаланды, - деп хабарлайды Азаттық.

10 сәуірде Қырғызстан ішкі істер министрлігі Бішкек полициясының бастығы Бақыт Матмұсаевты, оның орынбасары Ерлан Атантаевты, тергеу қызметінің бастығы Нұрлан Өтемісовты және өзге де офицерлерді қызметтен босатқанын хабарлады. Бұдан өзге ондаған полицейге ескерту мен сөгіс секілді тәртіп шарасы қолданылған. Тексеріс нәтижесінде барлығы 44 полиция қызметкері жазаланған.

5 сәуір күні Бішкекте бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованы көлікке күштеп отырғызып, алып қашқан. Оқиға көшедегі камераға түсіп қалып, видеодан көліктің маркасы мен нөмірі анық көрінген. Екі күннен соң Қанатбекова мен оны ұрлағандардың бірі саналатын Замирбек Теңізбаев сол көлік ішінде өлі табылған. 8 сәуір күні Бішкекте ірі наразылық акциясы өтіп, ашулы халық ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековтен отставкаға кетуді талап етті.

Наразылар үкімет үйіне шерулетіп, ел премьері Ұлықбек Мариповпен кездескен. Үкімет басшысы іс бойынша қызметтік тексеріс басталғанын, оқиғаның президент бақылауында екенін айтқан.

Болған оқиғаға "моральдық тұрғыда жауапты" екенін айтқан ішкі істер министрі Ниязбеков қызметінде қалды.

Тергеушілер 36 жастағы Замирбек Теңізбаев Айзада Қанатбекованы қылқындырып өлтіріп, артынан өзіне қол салған болуы мүмкін дейді. Олар сондай-ақ Теңізбаевтың осыған дейін Ресейде үш рет істі болғанын айтты.

Әзірге кісі ұрлау ісі бойынша төрт адам күдікке ілініп, қамауда отыр.

Айзада Қанатбекованың туыстары полиция іске салғырт қарады дейді. Анасы Назгүл Шәкенова мен немере әпкесі Азаттықтың Қырғыз қызметіне Айзаданың ұрланғанынан 12 сағат өткенде жеке-жеке қоңырау шалғанын айтты.

Олардың сөзінше, Айзада оларға алып қашқан жігіттің бастапқыда Ош қаласына алып кетпек болғанын, кейін босатуға келіскенін, Бішкекке келе жатқанын айтқан.

Айзаданың анасы мен әпкесі тергеушіге бірден қоңырау шалғанын, бірақ тергеушінің немқұрайлы жауап бергенін хабарлады.

Төрт тілде еркін сөйлейтін Қанатбекова үйінің жалғыз қызы болған. Бішкектегі Қырғыз-Түрік Манас университетін тәмәмдаған.

Қырғызстанда қыз алып қашу 2013 жылдан бері қылмыс саналса да, әлі күнге дейін тоқтамай отыр.

2018 жылы 20 жастағы студент Бұрылай Тұрдалықызы күштеп некеге тұрғызбақ болған жігіттің қолынан қаза тауып, арты үлкен наразылыққа әкелген.




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 00:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31