Шартарап

Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді

  • Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді

    Қырғызстанда арнайы қызметтер жаңа басшыға бағынбай, ғимараттан шығарып жіберді

Көрші елде парламенттік сайлау қорытындысына наразы болғандар митингіге шыққан болатын. Олар 6 қазан күні Ақ үйді басып алып, күш құрылымдарының басшылары ауысты
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің жеке құрамы, жетекшілігі және ардагерлері Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Омурбек Суваналиевті ғимараттан шығарып жіберді.

Бүгін 6 қазандағы жағдайдан кейін мемлекеттік комитет басшысының міндетін атқарып жүрген Омурбек Суваналиевтің қатысуымен жиын өтті. Басқосуда күш құрылымдары саясаттан тыс болуы керек екені айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ведомство қандай да бір топтардың саяси қаруына айналмайтынын жеткізді.

"Басты мақсат - Қырғызстанның дамуы үшін халыққа қызмет ету", - деді олар.

Еске сала кетсек, көрші елде парламенттік сайлау қорытындысына наразы болғандар митингіге шықты. Олар 6 қазан күні Ақ үйді басып алып, күш құрылымдарының басшылары ауысты.

Жұма күні Жээнбеков Қырғызстан халқына үндеу жасап, қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Ол өзінің шарттарын атады.
 




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30