Шартарап

Қырғызстанның экс-президенттері Ақаев пен Бакиевке іздеу жарияланды

  • Қырғызстанның экс-президенттері Ақаев пен Бакиевке іздеу жарияланды

    Қырғызстанның экс-президенттері Ақаев пен Бакиевке іздеу жарияланды

Қырғызстанның бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке іздеу жарияланды. Бұл туралы 24.kg хабарлады. Көрші елдің бұрынғы басшысы Ақаевқа канадалық «Камеко» компаниясымен келісім жасасқан кезінде қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін іздеу салған болатын.


МҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, өз кезегінде экс-премьер-министрлер Тұрсынбек Чынгышев пен Апас Жұмағұлов ескіру мерзімі өтуіне байланысты істі тоқтатуға келісім берген. «Қырғызалтынның» экс-басшысы Дастан Сарығұлов та ескіру мерзімінің өтуі себепті істі тоқтатуға қарсы емес.

"Бұл лауазымды тұлғалар біз оларға дәлелдегеніміздей, мемлекетіміз үшін тиімсіз келісім жасасқан, өз кінәларын мойындады. Бірақ ескіру мерзімінің өтуіне байланысты істі тоқтатамыз", - деп түсіндірді МҰҚК басшысы.


Ол сондай-ақ, 2003 жылы «Камеко» компаниясымен бас келісімді қайта жасасу салдарынан Қырғызстанның Centerra компаниясындағы үлесі 25,7%-ға немесе 7,3 миллиард сомға төмендегенін атап өтті.

Жемқорлық әрекет жасады деген айыппен Асқар Ақаев қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тағы да іздеу жарияланып отыр.

«Қырғызалтын» ААҚ директорлар кеңесінің экс-басшысы Алексей Елисеев, сонымен қатар, елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен оның ұлы Максимге де іздеу салынды.

Baq.kz




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 20:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30