Шартарап

Қырғызстанның уақытша басшысы ауысты: Садыр Жапаров өкілеттігін тоқтатты

  • Қырғызстанның экс-премьер министрі Садыр Жапаров және  президент міндетін атқарушыТалант Мамытов

    Қырғызстанның экс-премьер министрі Садыр Жапаров және президент міндетін атқарушыТалант Мамытов

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров өкілеттілігін тоқтатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен мемлекет президенті мен премьер-министр лауазымымды тоқтатып, алдағы уақытта болатын сайлауға қарапайым азамат ретінде қатысқым келеді", - дейді Жапаров. 

Осыған орай енді елдегі президент міндетін парламент сенатының спикері Талант Мамытов атқармақ. Ал премьер-министр лауазымы Қырғызстанның бірінші вице-премьері Артем Новиковқа өтті. 

Өз кезегінде жаңадан тағайындалған Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытов халыққа үндеу жасады. 

"Мемлекет басшысының міндеттерін атқаруға кірісе отырып, мен халық пен мемлекет алдындағы жеке жауапкершілігімді сезінемін. Президенттің міндеттерін атқарушы ретінде өзімнің конституциялық құқықтарым шеңберінде адамдардың бейбіт өмірі мен ел тұтастығын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламын. Еліміздің саналы азаматтары мені қолдайды деп сенемін. Барша отандастарымды кедергілер мен қиындықтарды жеңуге үлес қосуға шақырамын. Өз миссиямызды адал орындайтындығымызға толық сенімдімін", - делінген президент міндетін атқарушының жолдауында.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда президенттікке 24 адам үміткер екені белгілі болған еді. 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.11.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31