Шартарап

Қытай тағы бір еңсерілуі қиын елеулі проблемаға кез болды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Қытай экологиялық проблеманың астында жаншылып барады &ndash аталған ел жыл сайын 26 млн тонна қоқысқа тасталған киімді өңдеуге мәжбүр. Алайда, бұл экономикалық жағынан тиімсіз.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Әуел баста экономиканы көтеру үшін тұтынушылардың сұраныс тудыру мақсатында оларды тұтынуға ынталандыратын шаралар кері әсерін беріп жатыр. Дәлірегі, Қытай аумағында жылына 5 млрд-тан аса шолақ жең көйлек (футболка) өндіріледі. Олардың көбісі &ndash арзан әрі ұзақ киюге жарамайтын, яғни, тез тозатын сапасыз киім.

 

Ал сән индустриясының үлесі - әлемдегі атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының шамамен 10 пайызын құрап отыр.

 

Сарапшылардың бағалауынша, бір келі киімді қайтыра пайдаланса, 6 мың литр су мен 0,3 келі химиялық тыңайтқыш үнемделеді екен.

 

Алайда, Қытайдағы проблема сонда &ndash киім-кешекті өңдеу экономикалық жағынан тіпті өз-өзін ақтамайтын, керісінше шығынға батыратын жол әрі оның үстіне, кедей аудандарда киімді жиі ауыстыру үрдіске айнала қойған жоқ. Киімдердің көбісі қоқысқа тасталады.

 

Қытай аумағындағы аса ірі 654 қоқыс алаңы тығыз, яғни, шұғыл кестемен жұмыс істесе де әрең үлгеруде. Елдегі ең ірі қоқыс алаңы 100 футбол алаңындай аумақты алып жатыр. Ол межеленген мерзімінен 25 жыл бұрын толып қойған.

 

2018 жылы Қытай жағалаудағы суға 200 млн текше метрден асатын қалдықты тастаған екен.




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 10:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30