Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытайда жазықсыз 5 адамды атып тастады

26 наурыз 2019, 16:58

Қытайдың өңірлік прокуратурасы оқиғаны тергеуді бақылауға алған. Қытай тұрғыны жазықсыз бес адамды атып тастады. Бұл оқиға Ішкі Моңғолия автономды ауданында болған, деп хабарлайды ABC порталы.
25 наурыз күні Кайлу уезінде 44 жастағы қарулы ер адам атыс шығарыпты. Әуелі өзі жұмыс істейтін су тазарту станциясында екі жұмысшыны атып өлтіреді. Тағы үш адамды сол маңдағы көшелердің бірінде қырып салған.

Жергілікті полиция күдіктіні бір сағат ішінде ұстады. Тәртіп сақшылары қарулы ер адамға оқ атып, жарақаттауға мәжбүр болыпты. Шабуыл ұйымдастырған қылмыскердің не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз.

Басылым атап өткендей, мұндай қылмыс Қытайда өте сирек кездеседі, себебі азаматтарға заң бойынша оқ ататын қару ұстауға тыйым салынған. Бастапқы деректерге сүйенсек, күдікті қаруды заңсыз сатып алған көрінеді.

Жаңа Зеландия мешітіндегі қырғын: лаңкес әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген

Тунляо қалалық округінің прокуратурасы бұл істі ерекше бақылауына алды. Қазір күдікті қамауда, тергеу жүргізіліп жатыр.

Желіде шабуылдан соң түсірілген видео жарияланған.

Еске сала кетсек, Қытайда биыл қаңтар айында ер адам бастауыш мектепке шабуыл жасап, 20 бала зардап шеккен болатын.