Шартарап

Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты

  • Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты

    Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты

Шошқа тұмауының жаңа вирусы жануарлардан адамға жұғады және пандемияға әкеліп соғуы мүмкін екені айтылып отыр

Қытай тұмаудың жаңа штаммының таралуының алдын алуға бағытталған шараларды қолға алатынын хабарлады. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қытай жағдайды мұқият бақылап отыр. Біз вирустың алдын алуға бағытталған шараларды қолға аламыз", - деді Чжао Лицзянь.

Бұған дейін қытай ғалымдары шошқа тұмауының G4 жаңа штаммын анықтады. Ол 2019 жылы эпидемияға себеп болған H1N1-мен генетикалық байланысты. 

Зерттеу Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған.

Жаңа штаммның жануарлардан адамдарға жұғатыны және жаңа пандемияға себеп болуы мүмкін екені айтылды. Вирустың адамның адамға жұғатыны әлі дәлелденген жоқ. 

Зерттеу 2011-2018 жылдар аралығында Қытайдың 10 провинциясындағы шошқа өсіру фермалар мен ветеринарлық клиникаларда жүргізілген.

Тұрғындарды серологиялық зерттеудің арқасында ғалымдар шошқа өсіру фермалары қызметкерлерінің 10,4%-нде G4 EA H1N1 вирусына антиденелері бар екені анықталды. 338 қызметкердің 35-інде табылды.

Антиденелер 18-35 жас аралығындағы қызметкерлерде анықталды. 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31