Шартарап

"Қызыл шақа". 19 жастағы бойжеткен терісіз сәбиді өмірге әкелді

  • © Sputnik / Игорь Зарембо

    © Sputnik / Игорь Зарембо

Англияның Уорикшир графтығында дәрігерлер терісіз дүниеге келген нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Daily Star.


2018 жылдың 24 қарашасында 19 жастағы Джессика Кибблер тұңғышы Кайден Джейк Шаттокті жүктілігінің жетінші айында дүниеге әкелді. Жаңа туған шақалақтың салмағы небәрі 1,1 кг еді. Денесіндегі тері қабатының мөлшері екі процент қана болатын. Дәрігерлер жас ата-анаға баланың аман қалуы екіталай екенін ескертті.


"Медбикелер алғаш рет бізге Кайденді көрсеткенде, қып-қызыл шикі ет сияқты болатын", - дейді Кибблер.


Оның айтуынша, дәрігерлер баланың бетін бері қарату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Бір жарым айда терісі біртіндеп өсе бастапты. Осы уақыт бойы сәби киімсіз, жалаңаш жатты: денесіне бірдеңе тиіп кетсе, қатты ауырсынып, жылай беретін.


Ер бала туа бітті сепсис (қанның бұзылуы), некротикалық энтероколит (ішек ауруы), герпес, бронхиолит және тағы басқа дерттермен күресті. Мамыр айының басында кішкентай науқасқа ота жасапты: қарнындағы терісін алып, оң қолына салды. Кайденге кем дегенде әлі төрт ота жасау керек.


Жүктілік кезінде бойжеткен гидронефрозом сырқатына шалдығып, босанардан үш ай бұрын қан кеткен екен. Іштегі нәрестені дәрігерлер жоспарлы түрде тексеріп отырса да, Кайденнің денсаулығынан ешқандай кінәрат таппапты. Олар әлі күнге дейін бұл сирек аурудың себебін анықтай алмай отыр. Сөйтіп, сәбидің медициналық тарихын шетелдік мамандарға зерттеуге берді.


Қазір алты айлық Кайденнің денсаулығы жақсарып келеді. Салмағы 4,3 килограмм болды.


Sputnik


 




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 17:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31