Шартарап

Леопардтар тұтас бір елді мекенді үрейде ұстап отыр

  • Леопардтар тұтас бір елді мекенді үрейде ұстап отыр

    Леопардтар тұтас бір елді мекенді үрейде ұстап отыр

 Леопардтар бір жылдан астам уақыт бойы Непалдағы Бхану елді мекенінің тұрғындарын үрейде ұстап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Аталған аймақта жыртқыш аңдар 18 ай ішінде алты баланы өлтірді, тағы жетеуі жарақат алған. Соңғы рет леопардтар елді мекенге қазан айында шапқан. Жабайы мысық жеті жасар баланы бас салып, 400 метрдей қашықтыққа сүйреп әкеткен. Ал одан бірнеше апта бұрын үйінің ауласында ойнап жүрген үш жасар бала қаза тапты.

Әбден үрейлері ұшқан елді мекен тұрғындары балаларын далаға шығамай, үлкендердің қарауынсыз мектепке жібере алмай отыр. Қараңғы батысымен мұнда есік-терезелер жабылып, құлыптанады.

"Күн батқаннан кейін далаға шықпаймыз. Леопарттар тағы да шабуыл жасай ма деп қорқамыз", – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Бір жарым жыл ішінде Бхану маңынан үш леопардтың денесі табылды. Шамасы, оларды ашынған тұрғындар атып өлтірген көрінеді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар жыртқыштарға арнап тұзақ құратын болған. Билік өкілдері де осындай амал қолдануда. Қазан, қараша айларында тұзаққа ұш леорард түскен.

Айта кетейік, Филиппиннің Палаван провинциясында қолтырауын 12 жасар қызды жеп қоя жаздады. Абырой болғанда, оның 15 жастағы ағасы батылдық танытып, қарындасын жыртқыштың аузынан аман алып қалды.

KAZ.NUR.KZ. 




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

сенбі, 23.11.2019, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31