Шартарап

Ливанда 113 қазақстандық бар: Тоқаев олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

  • Ливанда 113 қазақстандық бар: Тоқаев олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

    Ливанда 113 қазақстандық бар: Тоқаев олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Ішкі істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеуберді Ливан астанасында болған оқиғаны түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті министрлікке тапсырмалар берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келтірілді, адам шығыны бар. 

 

"Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір олардың ротация процесі жүріп жатыр және алдыңғы күні біздің қазақстандық бітімгерлер қызмет өтетін орындарына аман-есен жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Бейруттағы жарылыста қазақстандық бітімгерлер зардап шеккен жоқ.

Ливандағы жарылыс құрбандарының саны артып жатыр. Билік елде аза тұту күнін жариялады.

 
 

 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30