Шартарап

Маман адамдарға төніп тұрған табиғи қауіпті атады

  • Маман адамдарға төніп тұрған табиғи қауіпті атады

    Маман адамдарға төніп тұрған табиғи қауіпті атады

Даниялық "Berlingske" ғылыми басылымының журналисі Ларс Хенрик Огор Жердегі тіршілік иелеріне супержанартау қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Мұндай мәлімет Огордың жақында жарық көрген "Апаттардың үлкен зұлым кітабы" (“The Big Evil Book of Catastrophes”) атты еңбегінде келтірілген. 

 
Сарапшы өз еңбегінде 75 мың жыл бұрын Суматра аралында атқылаған жанартауды мысалға келтіреді. 

"Үлкен аумақ лаваның астында қалды. Күйе мен күлдің тереңдігі 400 метрге жеткен. Жанартаудан бірнеше шақырым жердегі барлық өсімдіктер мен жануарлар бұл қабаттың астында қалды", - деп жазады Хенрик Огор.

Жанартаудан шыққан күл мен газдан бұлт пайда болып, ол Азияның үлкен бөлігін Күн сәулесінен жауып қалған. Салдарынан Жердің бір бөлігін түн басқан.

Табиғи апат салдарынан жердегі температура орта есеппен 10 градусқа төмендеп, “жанартау қысына” әкеліп соққан. 

"Біздің ата-бабаларымызға бұл зілзала қалай әсер еткенін болжау да қиын", - дейді сарапшы. 

Журналистің айтуынша бірнеше жылдан кейін Жердегі температура қайта көтерілген. Дегенмен адамдардың саны бірнеше мыңға дейін қысқарған. 

Бұған дейін Индонезияның Суматра аралындағы Тоба супержанартауын зерттеген геологтар оның қойнауында магманың жиналып жатқанын анықтаған еді. 

Stan.kz




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 16:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31