Шартарап

Марсқа сәтті қонған Perseverance тіршілік белгісін іздейді

  • Марсқа сәтті қонған Perseverance тіршілік белгісін іздейді

    Марсқа сәтті қонған Perseverance тіршілік белгісін іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. &ndash табанды, қайсар), деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті &ndash бактерия тіршілігінің белгісін іздеу. Ғалымдардың пікірінше, Марста 3-4 миллион жыл бұрын ғаламшарда су бар кезде тіршілік болуы ықтимал.

Perseverance (Персеверанс) &ndash осы айда Марсқа келген үшінші ғарыш аппараты. Бұған дейін планетаның орбитасына БАӘ мен Қытай роботы ұшып жетті. Үш миссия да Жерден 2020 жылдың шілдесінде аттанған.

Ровер Туиттерде ашылған парақшасында «Сәлем, әлем. Мен мекенімде алғаш мыналарды көрдім», - деп жазып, Марс бетінен түсірілген суретті жариялады.

Сондай-ақ ол Езеро кратерінің кадрын да жариялады. Екі бейне де жаңа аппараттың планетадан түсіріп жолдаған алғашқы суреті.

Марсқа қону өте қиын. Айға қарағанда онда сирек атмосфера бар. Мұндағы миссиялардың тек 40%-ы ғана сәтті аяқталады.

Америкалық Perseverance роверін Атлас-5 зымыран-тасығышы АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 2020 жылдың 30 шілдесінде алып ұшты. Жарты жыл ішінде ғарыш кемесі Жерден Марсқа дейін шамамен 500 миллион шақырымды ұшып өтті.




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 09:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30