Шартарап

Мәскеудедің Шереметьево әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапты (видео)

  • © Sputnik

    © Sputnik

Шереметьево әуежайында "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қырық бір адам қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости.


"41 адам", - деп мәлімет берді Ресей федерациясының Тергеу комитеті Мәскеу қаласының көліктегі өңіраралық тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Елена Марковская.


Басылымның жазуынша, бортта болған 78 адамның ішінде 37-сі аман қалған – 33 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі.


Алты адам ауруханаға жатқызылды, олардың үшеуі ауыр халде жатыр.


Жантүршігерлік видео


Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары әуе кемесінің қанаты өртенген жантүршігерлік сәтті видеоға түсіріп алған.



РЕН ТВ басылымы жариялаған видеода ұшақтың қанаты көзді ашып-жұмғанша отқа оранды. Жолаушылардың дүрлігіп, жан ұшыра айғайлаған дауыстары естіледі.


Әуе апатының мән-жайы


Мәскеуден Мурманск қаласына аттанған "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні кешке Шереметьево әуежайына шұғыл қайтып оралды, әуеде 28 минут ұшқан ұшақ әуежайға қатты қонған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыруға мүмкіндік туды. Ұшақтың тағандары сынып, қозғалтқыштары өртенген.


Тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.


Мурманск облысында үш күндік аза тұту жарияланды. Қаза тапқан өңір тұрғындарының отбасы миллион рубль көмек алса, ауруханада жатқан зардап шегушілер – 500 мың рубль.





Sputnik




 




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31