Шартарап

Майамидегі көпқабатты үйдің құлауы: қаза тапқандар саны 90-ға жетті

  • Майамидегі көпқабатты үйдің құлауы: қаза тапқандар саны 90-ға жетті

    Майамидегі көпқабатты үйдің құлауы: қаза тапқандар саны 90-ға жетті

Құтқарушылар Флорида штатының Майами маңындағы (Флорида штаты) Сурфсайд қаласында опырыла құлаған үйдің қирандылары астынан тағы төрт құрбанның мәйіті шығарылды, құрбан болған жандардың саны 90-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Майами-Дэй округінің басшысы Даниэль-Левин Кава округтің Facebook арқылы трансляцияланған журналистермен баспасөз брифингі кезінде айтты.

«Біз қирандылардан бірнеше құрбанның мәйіттерін алып шықтық. Қазір қаза болғандардың жалпы саны 90-ды құрайды», - деді ол. Кава 31 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отырғандығын да мәлім етті.

Айта кетсек, Сурфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні үйінділердің астынан 37 адам шығарылды, бірақ содан кейін тірі қалғандар табылмады. Ал 7 шілдеде, яғни құлағаннан кейін 13 күн өткен соң, билік құтқару жұмыстарын тоқтатуға шешім қабылдады. Қазір олар апат болған жерде қаза тапқандардың денелерін іздеуде.




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 22:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30