Шартарап

Медресе директоры тәніне қол жүгірткенін айтқан қызды тірідей өртеп жіберген

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Бангладештегі медреседе сұмдық жайт орын алды. Медресенің 19 жастағы шәкірті Нусрат Джахан Рафи полицияға шағымданып, директордың өзіне секусалдық алымсақтық жасағанын айтыпты. Оның сөзінше, директор өз кабинетіне шақырып алып, артынша тәніне қол жүгірткен.


Полицейлердің бірі қыздың әңгімесін видеоға түсіріп алып, жариялап жіберіпті. Видео кадрларынан Нусраттың жылап, қолымен бетін жауып отырғаны көрінеді. Ал полицейлердің бірі одан көз жасын көлдетпеуді сұрап, жылауға еш себеп жоқ екенін айтқан. Десе де медресе директоры тұтқындалды. Мұнан кейін Нусратқа қоқан-лоққы жасала бастапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.


Артынша Нусратты медресенің шатырына алдап шақырған. Ол жерде бетін паранджамен жапқан адамдар жиналып, қыздан шағымын қайтарып алуын талап етіпті. Алайда Нусрат олардың айтқанын орындаудан бас тартқанда, олар қыздың үстіне жанармай құйып, өртеп жібереді. Салдарынан қыздың денесінің 80 пайызы күйіп қалып, ауруханада төрт күн жатқаннан кейін көз жұмған. Ол өлерінің алдында өзіне қалай шабуыл жасалғанын айтып беріпті. Сонымен қатар өзіне шабуылдағандардың арасында медресе шәкірттері де болғанын жеткізген.


Нусраттың ағасы Макмудул Хасанның сөзінше, сол күні қарындасын медресеге шығарып салып, онымен бірге ғимаратқа кірмек болған. Алайда оны кіргізбей қойған екен.


Осы жағдайдан кейін ел тұрғындары Нусратты қолдап, наразылық танытты.


Қыздың өліміне қатысты іс бойынша 17 адам тұтқындалған. Олардың бірі директордың бұйрығын орындағанын мойындапты. Ал Нусратты видеоға түсіріп алған тәртіп сақшылары қызметінен босатылды.


Бангладештің премьер-министрі Шейх Хасина марқұм Нусраттың отбасымен кездесіп, оның өліміне кінәлілердің бәрі жазаланатынын айтыпты.


 




Көрілген: 1176    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31