Шартарап

Мектеп оқушысы бір жарым жыл бойы кеше не болғанын есіне түсіре алмай жүр

  • Мектеп оқушысы бір жарым жыл бойы кеше не болғанын есіне түсіре алмай жүр

    Мектеп оқушысы бір жарым жыл бойы кеше не болғанын есіне түсіре алмай жүр

Дәрігерлер 16 жастағы Кейтлин Литтлға есте сақтау қабілетін қалай қайтарып беруге болатынын білмейді. Мектеп оқушысы бір жарым жыл көлемінде күнде таңертең оянып кеше не болғанын есіне түсіре алмай келеді. Бұл туралы People басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.


Кейтлин Литтлдың осындай халге түсуіне дайындық кезіндегі жазатайым оқиға әсер етті. Оқушы әдеттегідей сыныптастарымен жаттығып жатқан, сол кезде олардың бірі 14 жастағы қызды басынан байқамай ұрып жіберген. Естеліктерін бірден жоғалта бастаған Кейтлинді анасы мектептен алып кетуге келгенде, оқушы көліктің есігі қалай ашылатынын есіне түсіре алмаған.


Дәрігерлер қыздың отбасына естеліктердің үш апта көлемінде қайтып келетінін айтқан. Сол күннен бері, яғни 2017 жылдың 12 қазанынан бері екі жылға жуық уақыт өтті. Ал Кейтлиннің есте сақтау қабілеті дұрысталған жоқ.


Ол күн сайын ояна салып, кеше ғана басын ұрып алғанын ойлайды екен. Жазатайым оқиға бір жарым жыл бұрын орын алғанын білмейді. Сонымен қатар, қыздың миы оған күнделік тұрмыстарды жасауға көмектеспейді.



"Біз "Алиса ғажайыптар елінде" кітабында суреттелген өмірмен өмір сүреміз. Барлық жерде "Мені жеп қой", "Сен мынаны ішкенді ұнатасың", "Мынаны жеп көр", "Үлкен әпкемнің киімін алма, ол ашуланады" деген жапсырмалар тұрады", — дейді Кейтлиннің сіңлісі Сара.


Кейтлин Литтл мектепке қатынауын тоқтатқан жоқ. Оған қай сыныпта оқитынын, қай топта жаттығатынын әркез еске салып тұру керек. Оқышының ата-анасы қызды емдеп жазуға үміттенеді. Әлеуметтік желілердің пайдаланушылары оның еміне ақша жинауды бастап кетті. Кейтлин Литтлға қажетті емдік процедуралардың бағасы арзан емес.




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сенбі, 11.05.2019, 14:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31