Шартарап

Мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды

  • Мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды

    Мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды

Гвинея Республикасында жексенбі күні мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Бұл труралы өзінің порталында Jeune Afrique журналы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, төңкеріс әрекетін арнайы жасақ күштері тобын басқарушы полковник Мамади Думбуя жасамақ болған. Ол қазіргі кезде ел астанасы Конакри қаласындағы президенттік гвардия қорғап жүрген президент сарайының алдында орналасқан арнайы жасақ бөлімдеріне сүйеніп отыр.

Басылымға сұхбат беруші қалыптасқан жағдайды «күрделі» деп атады. Өз кезегінде Reuters агенттігі Конакри қаласындағы президент сарайының алдында қолдарына қару ұстаған әскерилер тұрғанын хабарлап отыр.

Оның мәліметінше, Конакридің солтүстігінен қаланың оңтүстігіндегі үкіметтік кварталға апаратын жалғыз жолды сарбаздар қоршап алған.

Жоғары өкілетті шенеунік агенттікке Гвинея президенті Альфа Конденің дін аман екенін мәлімдеді. Алайда Reuters-ке сұхбат беруші оқиғаның егжей-тегжейін хабарламады. Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі жексенбі күні Конакридің үкіметтік кварталында автоматты қарудан оқ атылғанын хабарлады. Көшелерде әскерилер өте көп. Сарбаздар көшеде жүрген адамдардан үйлерінен шықпауын талап етуде.




Көрілген: 976    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 10:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31