Шартарап

Намысыма тиді: Ер адам әйелін кетпенмен ұрып өлтірді

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Самарқанд облысының Пайарык ауданында әйелін кетпенмен өлгенше сабаған тұрғын 18 жылға сотталды. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Ақпаратқа қарағанда, ерлі-зайыпты үйдің жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кеткеніне байланысты ұрысып қалған. Ұрыс кезінде әйелі кетпеннің сабымен күйеуінің иығынан итеріп жіберген. Оған намыстанған күйеуі кетпенді тартып алып, әйелін есінен танғанша ұрған.

 

Осыдан кейін қайын атасының үйінде тұрып жатқан 30 жастағы тұрғын қашып кеткен. Әйелдің туыстары оны ауруханаға жеткізген. Бірақ ол есін жимастан көз жұмды.

 

Көп өтпей, марқұмның күйеуі ішкі істер бөліміне өзі барып, әйелін сабағанын мойнына алған. Аудандық сот оны әйелінің өліміне кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 1339    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 12:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31