Шартарап

Оқушылар TikTok-тағы тренд үшін мектеп дәретханаларын қиратуда

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Американдық оқушылар арасында ұсақ ұрлық пен мектеп дәретханасындағы бассыздық танымалдылыққа айналды. Өздерінің "ерліктерімен" білім алушылар TikTok желісінде бөліседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NPR сайтына сілтеме жасап.

 

Мектеп мүлкіне зақым келгені туралы ақпарат елдің түкпір-түкпірінен келген.

 

Мысалы үшін, Флоридада сабын диспенсері ұрланып, раковиналар сынған, Калифорнияда дәретхананы әдейі бітеп тастап, қабырғадан айналар мен диспенсерлерді жұлып алса, Арканзаста қабырғаларға қызыл бояу жағып, мұғалімдердің киімдерін ұрлап кеткен.

 

Мектеп әкімшілігі мен полициясы белең алған жағдайға жасөспірімдер арасында танымал TikTok желісінің үрдісін айыптайды.

 

"Бұл мектеп әкімшілігіне, қызметкерлерге және басқа оқушыларға өте жағымсыз. Себебі қиранды орындарын тазартып алғанша уақытша жабылатындықтан кейбіреулер бұл жерді толық тазалап шықса, басқалары мектеп дәретханасын пайдала алмайды", - деді Сан-Антониодағы солтүсті-шығыс тәуелсіз мектеп округінің қоғамдық істер жөніндегі атқарушы директоры Обри Чанселлор.

 

Мектеп басшылықтарының айтуымен мұндай мазмұндағы бейнежазбалар Tik Tok желісінен өшіріліп жатқанына қарамастан, дәретханадағы қиратулар әлі тоқталған жоқ.

 

Жасөспірімдердің мінез-құлқын зерттейтін Браун университетінің доценті Жаклин Несидің айтуынша, балалар осындай әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді.

 

"Бұл жердегі мақсат мектептен бірнәрсені ұрлау немесе бұзу емес. Менің ойымша, бұл жердегі басты стимул желіде құрбы-құрдастарының қызығушылығын ояту және бұл жасөспірімдер үшін шынымен күшті ынталандыру болып отыр", - дейді ол.

 

Педагогтар мен полиция қызметкерлері өз кезегінде ата-аналарды балалармен тәрбиелік талқылау жүргізуге шақырып, мұндай әрекеттер тәртіптік немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 18:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31