Шартарап

Өлер алдындағы соңғы тілегі қарияны танымал етті (фото)

  • CC0 / Bernd Schray

    CC0 / Bernd Schray

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-тың Висконсин штаты тұрғынының оқиғасын естіп таңғалды. Бұл туралы қарияның немересі Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.



Адам Шемм жеке парақшасына атасы және жақындарымен бірге түскен суретін жариялаған.


"Бүгін менің атам қайтыс болды. Ол кеше кешке балаларымен бірге соңғы рет сыра ішуді қалады", - дейді немересі.

Америкалықтың жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Тіпті, жазбаны Reddit әлеуметтік желісіне жариялаған кезде бұл оқиғаға қызығушылық артып, жұрт түрлі пікір жазған.


Желі қолданушылары қарияның соңғы тілегі орындалғанына қуанышты екенін айтқан.


Жұрт ер адамның балаларын жақсы тәрбиелегенін айтып, суреттегі қарияның күлкісі өмірдегі соңғы сәтін бақытты өткізіп жатқанын дәлелдейтінін жазған.


Қоданушылардың тағы бірі өмірде ең маңыздысы – өмірде өзің бақытты болып, отбасыңды да қуанышқа бөлеу қажет екенін түсіндім дейді.


"Мен уақыты келгенде өлімді осындай қуанышпен қарсы аламын деген үміттемін" - деп жазды енді бірі.


Ал Twitter желісіндегі жастар өлім аузында жатқан жақындарымен бірге қалай уақыт өткізгенін жазыпты.


"Менің әжем де осылай істеген. Ол ликерді стақанмен ішті", - дейді әлеуметтік желі қолданушысы.


 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 18:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31