Шартарап

"Өлтіретін ойым болмаған": 75 жастағы қаруланған қария қылмыскерді ұстады

  • "Өлтіретін ойым болмаған": 75 жастағы қаруланған қария қылмыскерді ұстады

75 жастағы қаруланған қария қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News сайтына сілтеме жасап.



Американың Алабама штатында тұратын 75 жастағы Марсия Блэк көптен бері ұсталмай жүрген қылмыскерді ұстап, полицяға тапсырған. Қылмыскер қарияның үйінің жанына келіп, телефонын қолдануды өтінген.


Кэмерон Пауэрс есімді ер адам ұрланған көлігімен Марсия Блэктың үйінің жанында жол апатына түскен. Ол қарияның үйіне кіріп, телефонын сұрамақ болған екен. Бірақ қария бәрін сезіп қойған. 


Ол қылмыскерге қару кезеніп, тоқтауын талап еткен. Бұл әрекетіне қылмыскер мойынсынбай қойған кезде ауаға оқ атып, тізерлеп тұруға қарар берген.


"Менің оны өлтіретін ойым болмаған. Тек қылмыскерге оқ атуым мүмкін деп ойлап қалсын деген едім", - дейді Марсия Блэк.


Қария қылмыскерді құрығында ұстап тұрған. Сол уақытта Марсия Блэктің 15 жасар немересі полицияға хабар берген. Полиция келген кезде қылмыскер қашып кетпек болған. Алайда, оны құқық қорғаушылар бірден құрықтаған. Кэмерон Пауэрс автокөлік ұрлығы бойынша іздеуде жүрген.


 

 




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.06.2019, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31