Шартарап

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпе салдырған 27 адам көз жұмды

  • Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпе салдырған 27 адам көз жұмды

    Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпе салдырған 27 адам көз жұмды

Қайтыс болғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар. 

Оңтүстік Кореяда 16 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина салдырған 27 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Елдегі денсаулық сақтау министрліген қарасыт ауру профилактикасы мен бақылау орталығының дерегінше, 16 қазаннан бастап бүгінге дейін тұмауға қарсы екпе салдырған 27 адам көз жұмған.

Алғашқы өлім жағдайы Инчхон қаласында 16 қазанда тіркелген.

17 жастағы мектеп оқушысы вакцинацияан қайтыс болған. Содан кейін осындай деректер Сеулде, Кёнгид және басқа да өңірлерде тіркеле бастаған.

Қайтыс болғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар. Басылымның жазуынша, тексеріс кем дегенде екі өлім анафилактикалық шокпен байланысты болуы мүмкін екенін көрсеткен.

Бұл ең көп таралған жанама әсерлердің бірі. Шиеленіскен жағдайға байланысты Корея Республикасы Медициналық қауымдастығы вакцинация бағдарламасын бір аптаға, 29 қазанға дейін тоқтата тұруды ұсынған. Бұл халықтың алағдаушылығын тудырған.

Алайда мамандардың айтуынша, тексеріс кезінде алты жағдайдан тұмауға қарсы екпе мен адам өлімінің байланысы анықталмапты. Сондай-ақ вакцинациялардан токсинді заттар табылмаған.

Еске сала кетсек, Ұлыбританиялық маман Патрик Валланс вакцина коронавирусты жоя алмайтынын айтқан болатын. Ал Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау желтоқсан-қаңтар айларында басталатынын мәлімдеген еді. Қала мэрінің айтуынша, вакцинация - пандемияға қарсы соңғы жеңіс. 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30