Шартарап

Өзбекстанда экстремистік идеяны насихаттады деп күдікке ілінген 29 әйел ұсталды

  • https://russian.eurasianet.org/

    https://russian.eurasianet.org/

10 қыркүйекте Ташкент қаласы мен Ташкент облысында "Хизб-ут-тахрир" діни экстремистік ұйымының идеяларын насихатты деп күдікке ілінген 29 әйел ұсталды. Бұл туралы Өзбекстан ішкі істер министрлігіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

 

Ресми ақпаратқа қарағанда, күдіктілер "Хизб-ут-тахрир" діни экстремистік ұйымының "әйелдер қанатының қылмыстық әрекетін тоқтату мақсатында жүргізілген жедел шаралары" барысында ұсталған.

 

ІІМ мәліметінше, ұсталғандар интернет пен түрлі мессенжер арқылы іздеуде жүрген "Хизб-ут-тахрир" мүшелерімен байланыс орнатқан. Солардың нұсқаулығымен халық арасында аталған ұйымды насихаттап, мүше болуға шақырған.

 

"Аталған әйелдер тұратын орында және олардың мобильді құрылғыларынан экстремистік мазмұндағы материалдар анықталды... Қазір олардың әрекетіне құқықтық баға беріп, жауапқа тарту үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген министрлік хабарламасында.

 

Өзбекстанда кейінгі кезде экстремизммен байланысты күдікке ілінген адамдардың ұсталғаны жайлы ақпарат жиілеген. Маусым айында Сырдария облысы Мирзаабад және Янгиер ауданында "экстремистік материал таратты" деп күдікке ілінген 20 адам ұсталған. Оның алдында Самарқандта "Сириядағы террористік топқа қосылуды жоспарлаған" 14 адам анықталғаны хабарланды.

 

 

azattyq.org




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31