Шартарап

Өзін буындырмақ болған ер адамға стақан лақтырған қыздың өзі сотталуы мүмкін (видео)

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Өзбекстанда мейрамханада өзін екі рет буындырмақ болған ер адамға стақан лақтырған ару бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды centralasia.media.

 

Желіде аталмыш оқиғаның видеосы тарады.

 

Видеодан ер адам мен бойжеткеннің сөйлесіп отырғанын, бір сәтте оның қызды буындыра бастағаны байқалады. Екінші ретте ол қызға тағы күш көрсетпек болады, алайда бойжеткен тойтарыс беріп, кейін стқанды бетіне лақтырып кетіп қалады. Осы уақытта даяшылар мен күзетші жүгіріп келеді.

 

Көп ұзамай қыздың үстінен Қылмыстық кодекстің 104-бабы, 2-бөлігі (қаруды немесе суық қару ретінде пайдалануға болатын заттарды қолдана отырып, қасақана ауыр дене жарақатын салу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

 

Бұл бап бойынша айыпталушы бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Ал бойжеткеннің адвокаты бұл істі Қылмыстық кодекстің 106-бабына (Психикалық толқулар жағдайында қасақана ауыр немесе орташа дене жарақатын келтіру) ауыстыруды ұсынған.

 

Басылымның жазуынша, бойжеткен бұл азаматпен бірнеше жыл қарым-қатынаста болған. Ол қызға психологиялық қысым көрсеткен.

 

Бойжеткен кеткісі келгенімен, жігіт қысым көрсету арқылы қайтарып алып отырған.

 

 

 




Көрілген: 1245    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 23:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31