Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Пәк емессің»: қалыңдық той үстінде өзін өлтірген

09 сәуір 2019, 11:18
Тәжікстанның Чорбош ауылының тұрғыны Зафар Пиров кісіні өлімге итермеледі деген айыппен жеті жылға сотталды. Сот отырысы жабық өткен. Оған екі жақтан да адамдарды қатыстыру барынша шектелген. Зафар Пировтың туыстары сот үкіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сотталушының адвокаты да ол туралы пікір бергісі келмеді. Бұған дейін Зафар Пиров өзін кінәлі деп санамайтынын, әділ сот үкімін күтетінін мәлімдеген. Ол әйелінің өз-өзіне қол салуы қиынға түскенін мойындады. «Мен оны өлімге қимаймын. Бірақ оның ата-аналары үйлену тойыма жұмсалған 13 мың сумимді қайтарып беруін қаладым», — деді Зафаров. Зафар Пиров және оның 18 жастағы қалыңдығы Раджабби Хуршед үйлену тойы күні танысқан. Неке түнінде келіннің пәктігі туралы дау шыққан. Сол түні келіншегімен бірнеше рет жақындасса да пәктікке тән белгілер байқалмаған. Ол әйелін сараптамадан өткізу үшін астанаға екі мәрте алып барған. Екі сараптама да Раджабидің пәк екенін көрсеткенімен, күйеуі әйелін кінәлауын доғармаған. Күйеуіне пәк болып тигенін сендіре алмаған әйел ақыры өз-өзіне қол салған.