Перзентханадағы "Аяз аталар" (видео)

30 желтоқсан 2021, 19:49

Перзентхана қызметкерлері дүниеге келген нәрестені анасына көрсетпестен бұрын Аяз ата киімін киіндіріп, содан кейін қолдарына беруде.

 

Жаңа жыл қарсаңында ақ халаттылар осылайша әйелдерді қуантқысы келген, деп хабарлайды Экспресс К.

 

360tv медиа-порталының мәліметінше, мұндай тосынсыйды Ресейдегі Видневский перзентханасы ұйымдастырған. Мақсат — өмірге сәби алып келген аналардың көңілін көтеру, қуанышқа бөлеу. Әрине, босанғаннан кейін баласын қолына Аяз ата киімінде алған әйелдер бұл тосынсыйға дән риза.