Шартарап

Пневмониядан көз жұмған марқұмның ұлы дәрігерді сабап тастады

  • Пневмониядан көз жұмған марқұмның ұлы дәрігерді сабап тастады

    Пневмониядан көз жұмған марқұмның ұлы дәрігерді сабап тастады

Тәжікстанның Тұрсынзада қаласындағы инфекциялық ауруханада өткен сенбі күні кезекшілікте болған дәрігерді өлімші етіп сабап кеткен. Сол түні пневмониямен ауырған науқастардың бірі қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігер-ревматолог Ёкуб Дададжоновтың айтуынша, ауруханада қарт науқас қайтыс болғаннан кейін, белгісіз екі ер адам оны өлімші етіп сабаған.

"Олардың марқұмға кім болып келетінін білмеймін. Олар бірден бізге қол көтерді. Өзге дәрігерлер мен медбикелер де таяқ жеп қалды. Мені басымнан ұрған. Есімнен танып қалғам. Көзімді ашсам, жансақтау бөлімінде жатырмын",- дейді дәрігер.

Дададжоновтың әріптестерінің айтуынша, оның миына зақым келген.

Жергілікті құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Белгілі болғандай, күдіктілердің біреуі қайтыс болған науқастың ұлы болып шыққан. Екіншісі анықталып жатыр. Марқұм пневмониямен ауруханаға түскенге дейін қант диабетімен ауырған.

Ёкуб Дададжонов әзірге милицияға арыз жазбаған. "Мен 30 жылдан бері дәрігер болып жұмыс істеймін. Дәл осындай жағдай басымнан өтеді деп үш ұйықтасам, түсіме кірмеді. Күзет бола тұра, олардың ғимаратқа қалай кіріп кеткені белгісіз. Олар бізді өлтіруі мүмкін еді",- дейді дәрігер.

Тәжікстанда соңғы мәлімет бойынша, 1700 медициналық қызметкерден СOVID-19 вирусы анықталған. 

 

 




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31